«Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты құрылымында инновациялар жөніндегі комитет құрылмақ - Д. Кәлетаев

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты құрылымында инновациялар жөніндегі комитет құрылмақ. Бұл туралы бүгін Астанада партияның өңірлердегі филиалдарының жетекшілерімен өткен селекторлық кеңес барысында «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жақын арада партияның Орталық аппараты құрылымында инновациялар жөніндегі комитет құру жоспарланып отыр. Комитеттің негізгі мақсаты - еліміздің интеллектуалдық ресурстарын біріктіру және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу бойынша жаңа ұсыныстар әзірлеу. Комитет идеяларды жинақтайтын орталық болуы тиіс. Сондықтан партияның барлық бөлімдері бірыңғай инновациялық идеялардың базасын қалыптастыруға қатысуы қажет. Осыған орай Орталық аппаратқа өздерінің барлық ұсыныстарын жіберіп отырулары керек»,-деді Д. Кәлетаев. Бүгінде Астана мен Алматыда әлеуметтік қайшылықтарды қарастыру бойынша қоғамдық кеңестер жұмыс істейтінін еске салып өткен ол, партия Төрағасының ұсынысы аясында осындай қоғамдық кеңестерді жыл соңына дейін еліміздің барлық аймақтарында ашу жоспарлынып отырғанын айтып өтті. «Жергілікті жерлерде партия мүшелері бос қалмай, яғни тек партия мүшесі болып қана жүрмей олар партияның нақты жұмысына араласулары тиіс. Сондықтан осы партия ұйымдары белсенділігін көрсетулері қажет. Атап айтқанда, партия ұйымдарында басшылықта отырған азаматтар бүгінгі таңда съезде берілген тапсырмаға сәйкес өзінің жұмысының қарқынын күшейтуі керек», - деді Д. Кәлетаев.
Соңғы жаңалықтар