17:28, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
«Нұр Отан» ХДП орталық аппаратында балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған «дөңгелек үстел» өтеді
АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Сайлау Абылаев/ - Мамырдың 28-інде «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратында балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған «Сенің әлеуметтік құқығың» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шарада жетім балалар проблемасы, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы мәселелері талқыланатын болады. Қараусыз қалған балаларды орналастыру тетіктері, бұл орайдағы қоғамдық ұйымдардың рөлі әңгіме болмақ. Сондай-ақ шара барысында «Үміт үйі» қоғамдық қорының «Оңалту орталығы» жобасы таныстырылады. «Дөңгелек үстел» отырысына «Нұр Отан» ХДП басшылығы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде. «Дөңгелек үстел» отырысы қорытындылары бойынша жетім балаларды әлеуметтік қорғауды жетілдіруге бағытталған нақты ұсынбалар қабылданады.