«Нұр Отан» ХДП Орталық кеңсесінде саяси партиялар кезекті рет басқосты

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында Экономикалық дағдарыс жағдайында әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы меморандумға қол қойған саяси партиялардың кезекті мәжілісі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Партияаралық кеңестің осымен үшінші мәрте өткізіліп отырған мәжілісінің күн тәртібінде шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру проблемалары болды. Бұған дейін саяси партиялар агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен қаржы жүйесін сауықтыру мәселелерін талқылап, басқосу нәтижесі бойынша әзірленген ұсынымдарды Үкімет пен басқа да құзырлы органдарға жолдаған болатын. Кеңес отырысына саяси партиялардың, атап айтқанда «Нұр Отан», «Руханият», Қазақстан патриоттары, «Ауыл», «Әділет» және «Ақ жол» партияларының басшылары, сондай-ақ «Атамекен» одағы» ҰЭП, «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынының басшылары, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері мен екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты.
Соңғы жаңалықтар