«Нұр Отан» ХДП республикалық штабының мүшелері ақтөбелік жұмысшылармен кездесті

АҚТӨБЕ. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - «Нұр Отан» ХДП республикалық штабының мүшелері аймақтарда үгіт жұмыстарын жалғастыруда.
None
None

Бүгін партия төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин басқарған делегация Ақтөбе қаласына келді, мұнда «Ақтөбеқұрылысхиммонтаж» зауытында ірі өнеркәсіп кәсіпорындары жұмысшыларының қатысуымен митинг өтті.

Өз сөзінде Нұрлан Нығматулин Ақтөбе облысы ел аймақтарының ішіндегі серпінді дамып келе жатқан өнеркәсіп аймағы екендігін, көптеген көрсеткіштер, соның ішінде ҮИИД бойынша көшбасшы аймақ болып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар жұмысшылар алдында депутаттыққа үміткерлер: Глеб Щегельский, Ерген Дошаев, Құралай Қаракен, Ермахан Ыбырайымов сөз сөйледі.

Үміткерлер партияның сайлауалды тұғырнамасы туралы айтып беріп, жұмысшыларды алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Сондай-ақ бұл күні нұротандықтар ақтөбелік интернационалист жауынгерлермен кездесіп, олармен сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарын талқылады.

Нұрлан Нығматулинмен бірге аймаққа генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев келді.

Соңғы жаңалықтар