«Нұр Отан» ХДП-сынан сайланған депутаттар халықтық тұғырнаманың орындау жайын қарастырды

ӨКШЕТАУ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының конференц- залында партиядан сайланған барлық деңгейдегі депутаттардың облыстық форумы өтіп, оның барысында халықтық тұғырнаманың орындалуы турасында пікір алмасты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі партия филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салиқалы басқосуға аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттар хатшылары, «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясынан сайланған депутаттар фракциясының жетекшілері, партияның аймақтық филиалдар төрағаларының орынбасарлары, бірқатар облыстық ведомстволар мен ұйымдардың басшылары, мемлекеттік емес ұйымдар мен баспасөз өкілдері қатысып, қарастырылған мәселелер төңірегінде ой бөлісті.Форумда партияның халықтық тұғырнамасын іс жүзіне асыру және ондағы депутаттардың рөлі, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілген басымдықтарды орындауға бағытталған жоспарлар мен міндеттер қарастырылды. «Нұр Отан» халықтық -демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы Альберт Рау өткен жыл қорытындысы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, алда тұрған келелі міндеттер турасында ойын ортаға салды. Мәжіліске қатысқан ҚР Парламенті Сенатының депутаты Светлана Жалмағанбетова депутаттар фракцияларының Елбасының Жолдауын іске асырудағы міндеттері мен жауапкершіліктеріне ерекше тоқтала келе, маңызды құжаттың әлеуметтік бағытталғаны, соған сәйкес халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін аялы қамқорлыққа алу жайын тілге тиек етті. Форумға қатысушылар партия фракциясы жұмысын, депутаттардың ұйымдастырушылық қабылетін жақсартуға бағытталған нақтылы ұсыныстар қабылдады.

Соңғы жаңалықтар