«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек ШҚО-ға келді

ӨСКЕМЕН. 30 сәуір.ҚазАқрпарат - «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстанға келді.
None
None

Бүгін таңертең ол Өскеменде «Әйелдер басқаратын ең үздік ұйым» жыл сайынғы байқауының аясында өткізіліп жатқан «Аймақтың тұрақты экономикалық дамуын қалыптастырудағы әйелдер бастамалары» жобалар көрмесіне барды. Индустриялық-инновациялық дамудың әр түрлі бағытындағы шағын және орта бизнестің 25 жобасының көрмесі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті базасында өтті.

Б.Байбек Семей қаласында бірқатар денсаулық сақтау және мәдениет нысандарын аралап көреді деп жоспарланған. Оған дейін ол аймақтың партиялық активімен кездесіп, партия көшбасшысы алға қойған міндеттер туралы әңгімеледі.

Мұнан басқа, Өскеменде Б.Байбек Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Халықтың куаты бiрлiкте» аймақтық фестиваліне қатысты. Фестиваль сол жағалау мұражай кешенінің этноауылында өтуде.

«Нұр Отан» ХДП аймақтық өкілдігінде атап өткендей, Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары Б.Байбектің аймақтарға жасаған іссапарларын қорытындылайды. Ел аралау барысында Б.Байбек партияның аймақтық өкілдіктерімен танысып, партиялықтардың жергілікті жерлерде қандай шынайы көмек көрсетіп жүргенін қарады.

Соңғы жаңалықтар