«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары партияның өңірлердегі филиалдарының жетекшілерімен селекторлық кеңес өткізді

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев партияның өңірлердегі филиалдарының жетекшілерімен селекторлық кеңес өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, бүгінгі жиналыс өткен айда партияның 12-ші съезінің қорытындысына байланысты және сол съезде қабылданған шешімдердің орындалу барысына арналып отыр. «Елбасының тапсырмасына сәйкес, партия өзінің іс-шаралар жоспарын дайындап, бүгінгі күні ол «Нұр Отан» ХДП Төрғасының қарауына ұсынылды», - деді Д. Кәлетаев. Аталған жоспарда бірқатар шаралар қарастырылғанын жеткізген ол, онда 2020 жылға дейінгі партияның жаңа бағдарламасын әзірлеу, партияның саяси ұйымдастыру жұмысын жандандыру, «Еуропаға жол» бағдарламасының жүзеге асуында партияның қатысуын қамтамасыз ету, «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезінде қойылған мақсаттардың орындалуының мониторингі, сондай-ақ басқа да мәселелер қамтылғанына тоқталды. Д. Кәлетаев маусымның 4-інде Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым министрліктерімен бірлесіп Семейде Отансүйгіштердің республикалық форумы өткізілетінен айтты.
Соңғы жаңалықтар