«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары ШҚО-ға сапары барысында бірқатар нысандарда болады

ӨСКЕМЕН. 15 қазан. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстанға келді.
None
None

Облыстың ақпараттық орталығынан хабарлағандай, Өскеменде Б.Сағынтаев партия қызметкерлерімен, ірі бастауыш партиялық ұйымдардың төрағаларымен және облыстық мәслихаттың депутаттарымен кездеседі, сондай-ақ Үлбі металлургия зауытының бастауыш партиялық ұйымының есептік-сайлау жиналысының жұмысына қатысады, бірқатар нысандарда болады.

Атап айтқанда, салынып жатқан 19-шы тұрғын алқабында Б.Сағынтаев партиялық бақылау бекетінің жұмысымен танысады. Секисовка ауылында «Тірек ауылдар» бағдарламасының аясындағы абаттандыру жұмыстарының барысымен және «Секисовское» тау-кен кәсіпорнының жұмысымен танысатын болады.  

Б.Сағынтаевтың жұмыс сапарының барысында сондай-ақ, Өскеменде Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің студенттерімен кездесу жоспарланған. 

Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарының екінші күнін «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Семейде өткізеді, мұнда да жергілікті партиялық ұйымдармен кездесулер өткізу, әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандардың қызметімен танысу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар