«Нұр Отан» ХДП ұйымдастырған республикалық байқауда облыстық «Приуралье» газеті бірінші орынды иеленді

АЛ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП тәуелсіздіктің 20 жылдығына және Қазақстан халқының тілдері күніне орай ұйымдастырған республикалық «Тілге құрмет - елге құрмет» байқауында Батыс Қазақстан облыстық «Приуралье» газеті бірінші орынды иеленді.
None
None

Осыдан екі жыл бұрын, басылымда «Наш язык» айдарымен жаңа бет пайда болып, оқырмандарына жол тартқан болатын. Мемлекеттік тілді кеңінен насихаттап, қазақпен қатар, өзге ұлт өкілдеріне де оның мән-мағынасын, тарихын, мазмұндылығын түсіндіретін беттің тақырып аясы кеңіп, мазмұны қызықтырақ бола түсті.

-Аталмыш беттің сәтті шығуына барлық тілшілер де өз үлесін қосты, - дейді газеттің бас редакторы Роза Сыйқова. - Біз аталған беттің әр жарияланымында тақырыптың бірін-бірі қайталамай, түрлі салаларды мейлінше кең қамтуына күш саламыз. Сонымен қатар газет ұжымы да мемлекеттік тілді насихаттаумен шектелмей, ұжымда мүмкіндігінше қазақша сөйлеуге мән беруде. Тіпті өзге ұлт өкілдері де мемлекеттік тілде тым-тәуір сөйлеуге үйреніп қалды.

Газет өкілдеріне бүгін елордада байқау дипломы табыс етілді. 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлығы және бар.

Соңғы жаңалықтар