13:16, 30 Мамыр 2009 | GMT +5
?Нұр Отан? қаржының игерілу жайын қарады ?Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Кеше "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалының мәжіліс залында облыстық прокуратура,
"Демеу" кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалы, екінші деңгейлі банктердің басшылары және кәсіпкерлердің қатысуымен жиын өтті. Онда "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорынан бөлінген қаражатты игеру үдерістерін одан әрі жандандыру мәселесі сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.?Үстіміздегі жылғы мамырдың 22-не дейін республика бойынша екінші деңгейлі банктердің игерген қаражаттарының жалпы көлемі 118,8 млрд. теңгені құрады. Бұл жалпы бөлінген қаржының 93,5 пайызы,? деді баяндама жасаған "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков. ? Осы қаржымен 2390 шағын және орта бизнес жобалары қаржыландырылды. Игерілген қаржының 53 пайызы 1482 шағын және орта бизнес субъектілерін қайта қаржыландыруға жұмсалды. Мұнан кейін облыс прокурорының орынбасары Нұрлан Бижанов шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытында атқарылған жұмыстар жайлы әңгімеледі.? Облыстық прокуратураның бастамасымен ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы, ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен облыс көлемінде қызмет атқаратын банкілерге тексерулер жүргізілді, ? деді ол. ? Банкілер арқылы 87 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 2 млрд. теңгеге жуық несиелер берілген. Алайда, бөлінген қаржының үлкен бөлігінің игерілмей тұрғаны анықталды. Жыл басынан кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша барлығы 12 тексеру жүргізіліп, 40 заңбұзушылық анықталды. Тексерулер қорытындысымен келтірілген 3 наразылықпен заңсыз 20 актінің күші бұзылды, 8 ұсыныс негізінде 19 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жүргізілген талдау, кәсіпкерлердің құқықтарын шектеу фактілерінің кездесетінін көрсетті.Жиынға қатысқан кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалы, банк, мемлекеттік органдар қызметкерлері, кәсіпкерлер несиенің түйткілдерін талқылап, өзара пікір алысты. Дағдарысқа қарсы бөлініп отырған ұлттық қор қаражатын одан әрі тиімді игерудің жолдары сараланды.