«Нұр Отан» мен Қаржы полициясы ЖОО-ларда сессиялардың «таза» өтуін қадағалайды
Айта кетейік, дәстүрге айналған акция осымен бесінші мәрте өткізілмек. Бір ай ішінде азаматтарды қабылдау, кәсіпкерлермен кездесулер, пікірталастар мен қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру, сондай-ақ «Өзіңнен баста!», «Таза сессия!» секілді акциялар өткізілмек.
Астана қалалық қаржы полициясы департаментінің басшысы Ерболат Балғабаевтың айтуынша, жыл өткен сайын қоғамымыз жемқорлыққа қарсы күресте белсенді түрде атсалысып келе жатыр.
«Жас Отан» жастар қанатымен бірге «Таза сессия» акциясын ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Осының аясында жоғары оқу орындары мен басқа да білім беру мекемелерінде тиісті шаралар өткізбекпіз. Негізі бұндай шаралар нәтижесін беруде, осы орайда студенттермен және қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеудеміз. Атап айтқанда, студенттердің арыздары бойынша олардың мәселесін қарастырып, тиісті шараларды қолданамыз»,-деді ол бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның астаналық филиалында өткен баспасөз мәслихатында.