«Нұр Отан» партиясы аппаратында «Конституция - мемлекет пен қоғамның орнықты дамуының негізі» атты конференция өтті

ыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін «Нұр Отан»ХДП Орталық аппаратында «Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекет пен қоғамның орнықты дамуының негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
None
None

Партияның Парламентаризм институты ұйымдастырған шара Ата заңның 15 жылдығына арналып, оған Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері атсалысты.

Аталған шара «Нұр Отан» ХДП-ның мемлекеттік институттарын жетілдіру үдерісін ынталандыруға, қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру бойынша қоғамның алдыңғы қатарлы күштерін топтастыруға деген ұмтылысын білдіреді. Жиын барысында шараға қатысушылар конституциялық қағидаттар тұрғысынан бірқатар маңызды мәселелерге назар аударды. Атап айтқанда, мемлекетті және қазақстандық қоғамды жүйелі жаңғырту аясында қолданылып жүрген заңдарды жетілдірудің жай-күйі мен перспективалары, демократиялық үдерістерді дамыту, азаматтық қоғам институттарын, ел парламентаризмін жетілдіру мәселесіне қатысты пікірталастар өрбіді.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекет пен қоғамның одан әрі серпінді дамуына қызмет ететін бірқатар ұсынымдар қабылдады.

Соңғы жаңалықтар