«Нұр Отан» партиясы елдегі барлық саяси күштермен күш біріктірмек

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Біз елдегі барлық саяси күштерді бірігуге шақырамыз», деді «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев бүгін Парламент депутаттарымен кездесуі барысында,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Баршаға мәлім, Елбасы «Нұр Отан» партиясы елдегі қоғамдық және саяси күштерді біріктіретін кең ауқымды ұйым болуы тиістігін атап көрсетті. Осыған орай біз елдегі өзге партиялар мен саяси күштерге тұрақтылық пен ынтымақтастықты сақтау жөніндегі меморандумға қол қоюды ұсындық. «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалдары қысқа мерзімде өзге қоғамдық, саяси бірлестіктермен арнайы кеңестер өткізді. Ал ақпанның 17-сі мен 25-і аралығында еліміздің барлық аймақтарындағы филиалдары өзге ұйымдармен бірге қиын-қыстау күндерде қоғамның ынтымақтастығы мен бірлігін және ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі меморандумға қол қойды. Сөйтіп біздің партия жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудегі міндеттерін сәтті атқарып шықты. Өз кезегінде бұл «Нұр Отан» партиясының елдегі ең мықты әрі ықпалды саяси күш екендігін тағы бір рет дәлелдеді», деді Д.Қалетаев.Оның сөзіне қарағанда, партияның Орталық аппаратының басшылары да мемлекеттегі қоғамдық- саяси институттардың өкілдерімен кездесіп, меморандумға қол қоюға шақырды. Ал ертең осы келісімді жүзеге асыруға берілген уақыттың аяқталатын күні. «Ертең бізбен күш біріктіруге ниет білдірген ұйымдардың барлығын да қуана қарсы аламыз. Бұл тек бірлесіп қызмет ету, елдегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шара емес. Меніңше, қазір өзін осы елдің азаматымын деп санайтын әрбір адам жалпыұлттық міндеттерді жүзеге асыруға атсалысуы керек», деді партия төрағасының бірінші орынбасары. Оның сөзінше, жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудің жарқын үлгісі - партияның XII съезі болады. Онда партияның 2009-2012 жылдарды қамтитын стратегиялық жоспары таныстырылады. «Сонымен қатар біз осы құжат негізінде партияның 2012 жылдарға дейінгі жаңа доктринасының дайындалғандығын мәлімдейміз. Бұл партияның басты бағытына айналытын үлкен құжат. 2012 жыл электоралды кезең. Осы кезеңге біз қазірден-ақ дайындалудамыз», деді Д.Қалетаев.
Соңғы жаңалықтар