«Нұр Отан» партиясы сенім үдесінен шығып келеді - бастауыш партия ұйымы төрағасының пікірі

РАЛ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» партиясы құрылған уақыттан бері сенім үдесінен шығып келеді. Партия қоғамдағы барлық күшті біріктіруге ұмтылса, ауылдық жерлерде бұл қызметті бастауыш ұйымдар атқаруда.
None
None

Бұл туралы БҚО-ның Жаңақала ауданы С.Меңдешев ауылы бастауыш партия ұйымының төрағасы, Карманов орта мектебінің директоры Теміржан Серіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бастауыш партия ұйымдары партияның саяси бастамаларын қолдайтын әрі жүзеге асыратын, түрлі шараны ұйымдастыра алатын күшке айналуы тиіс. Бастауыш партия ұйымдарының жұмысы арқылы әр елді мекендегі өмірдің шынайы бейнесі көрінеді, ауылдың әрі қарай дамуына нақты шаралар қабылдауға мүмкіндік туады. Елді мекендерде бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жетілдіруде жергілікті атқарушы органдардың, ауыл әкімдігі мен сол округтен сайланған депутаттардың рөлі ерекше.

Елбасы қойған жеті міндеттің бірі -бастауыш партия ұйымдарындағы жұмыс тиімділігін арттыру екендігі белгілі. «Осы мақсатта сәуірдің 7-сінде Оралда бастауыш партия ұйымдары төрағалары бас қосып, кеңінен пікір алыстық. Және бір атап өтетін жайт, өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі үздік бастауыш ұйымдардың қатарында біз де аталып, марапатталдық. Еңбегіміздің ескерілгені бізді жігерлендіре түсіп, жаңа табыстарға бастайтыны сөзсіз», деді Т.Серіков.

Соңғы жаңалықтар