18:23, 30 Қараша 2009 | GMT +5
«Нұр Отан» партиясы жасампаз күшке айналды - Мәжіліс депутаты В.Киянский
sp;ОРАЛ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Нұр Отан» партиясы жасампаз күшке айналды. Қазіргі кезде партияның халықтық тұғырнамасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жүз мектеп, жүз аурухана», «Жол картасы» және елді индустрияландыру жөніндегі бағдарламалары өңірлерде де табысты орындалып отыр.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Виктор Киянский мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, бұл шараларға жергілікті билікпен бірге Мәжіліс, Сенат және мәслихат депутаттары белсене атсалысуда. Қазіргі кезде БҚО-дан сайланған сенаторлар мен Мәжіліс депутаттары елге келіп, кездесулер өткізуде. Осы жүздесулерде тұрғындар әлемдік дағдарысқа қарамастан, Қазақстанда көптеген іс-жобаның жүзеге асып жатқанын айтып, бұл үшін Елбасына, партияға ризашылықтарын білдіруде.
«Тағы бір атап өтер жайт, Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін қамтамасыз етудегі рөлі үлкен. Елбасы ұсынған доктринада айтылғанындай, ұлтаралық келісімнің орнығуы жаңа табыстарға бастайтыны сөзсіз», деді депутат.