13:04, 25 Ақпан 2010 | GMT +5
«Нұр Отан» партиясына «Ақтаң» компаниясының 515 қызметкері мүшелікке өтті
/strong>Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматы қаласы Медеу ауданындағы «Нұр Отан» ХДП-ның филиалында «Ақтаң» компаниясының қызметкерлерін партия қатарына қабылдау рәсімі болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің партия қазіргі уақытта белсенді жұмыс атқарып жатқандықтан бұл адамдар дер кезінде келді. Партиямызға қоғам үшін еңбек еткісі келетін, еліміздің мәселелерін тиімді шешетін сенімді адамдар келуде», дейді Медеу ауданы әкімінің орынбасары Талғат Разақов.
«Әкімдікке және «Нұр Отан» партиясына осы салтанатты рәсімді ұйымдастырғаны үшін көп алғысымды білдіремін. Өз тарапымнан партияның алға қойған бағадарламалары мен бастамаларын қолдаймын», дейді «Ақтаң» компаниясының президенті Асқарбек Әмірханов.