«Нұр Отан» партиясының мүшелері «Үлкендерге қамқорлық» акциясын өткізді
«Біз жыл сайын қазанның 1-і күні - Қарттар күнін атап өтеміз. Еліміз үшін көп еңбек сіңірген, Отанымыздың тарихындағы ауыр жылдарды бастарынан кешірген қарттарымызға біз күнделікті қамқорлық көрсетуіміз керек»,- дейді филиал төрағасының бірінші орынбасары Ұласбек Сәдібеков.
Оңтүстік Қазақстан облысының Қарттар және мүгедектер үйінде 265 адам тұрады. Ең үлкені - 97 жаста. Бүгін оларда «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қонақта болып, қариялардың естеліктерін тыңдады.
«Қариялармен әңгімелескен қызықты, олар көп нәрсені біледі, қолдарынан көп нәрсе келеді. Біз де кейін қартаямыз, сондықтан да бір-бірімізге қамқор болуымыз керек»,- дейді «Жас Отанның» мүшесі Айнұр Әділбаева.
«Нұротандықтардың» акциясын «Кентау трансформатор зауытының ұжымы қолдады - қарияларға әдемі сүлгілер тарту етті. Ал шымкенттік әртістер қариялардың алдында концерт қойды.