«Нұр Отан» партиясының сайлаушылар арасындағы рейтингі 80,9 пайызды құрады - Әлеуметтік саяси зерттеулер институты

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының сайлаушылар арасындағы рейтингі 80,9 пайызды құрады.
None
None

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының сайлаушылар арасындағы рейтингі 80,9 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін сайлау науқанының барысы бойынша өздерінің зерттеу қорытындыларын жариялап, баспасөз мәслихатын өткізген Әлеуметтік саяси зерттеулер институтының директоры Айгүл Сәдуақасова мәлімдеді.   

А.Сәдуақасованың айтуынша, зерттеу сауалнамаларының нәтижесіне орай, саяси партияларға қатысты сайлаушылардың таңдауында біршама өзгерістер байқалды. Мәселен, бірінші сауалнама барасында қойылған «Сіз қай партияға дауыс бересіз?», - деген сұраққа «Нұр Отан» ХДП үшін респонденттердің 80,5 пайызы оң жауаптарын берген болса, екінші сауалнамада көрсеткіш 80,9 пайызды құрады. Ал «Ақ жол» партиясы өзінің рейтингін 0,5 пайызға жоғарылатып, 7,5 пайыздық көрсеткішке ие болды. Жалпы-ұлттық социал-демократиялық партиясын таңдағандар 4,1 пайызды құрады. Бұл осының алдындағы сауалнама көрсеткішінен 1,7 пайызға артық.

Институт жетекшісінің айтуынша, сұралғандардың 3,9 пайызы Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясына таңдау жасаса, Әділет демократиялық партиясы - 1,2 пайызды, Қазақстанның патриоттар партиясы - 0,7 пайызды, ал Ауыл Қазақстандық социал-демократиялық партиясы 04 пайызды иеленген.

«Ал «Руханият» партиясы сайлау үдерісінен шеттетілгені белгілі. Зерттеудің бірінші кезеңінде аталған партия сұралғандардың 0,1 рейтингісіне ие еді. Соған сәйкес, сұралғандардың осы пайызы басқа партиялар мен жауап беруге қиналғандар санаты арасында бөлінді деуге болады. Бұл ретте сұралған 1,2 пайыз респондент сайлауда кімге дауыс беретінін әлі шешпеген болса, 0,1 пайызы бұл сұраққа жауап беруден бас тартты», - дейді  А. Сәдуақасова. Оның мәліметінше, зерттеу нәтижелері сайлауға қатысты әлі бір шешімге келмеген сайлаушылар көрсеткішінің азайғанын көрсетті. Бұл өз кезегінде үгіт-насихат жұмыстарының жұртшылыққа белсенді әсер еткенін білдіреді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл - Әлеуметтік саяси зерттеулер институтының сайлау науқаны барысына орай жүргізген екінші зерттеу жұмысы. Сауалнамалық зерттеу шарасына еліміздің барлық өңірлері мен Астана және Алматы қалаларынан 2 мыңға тарта респондент қатысты. Қатысушылардың әлеуметтік-демографиялық параметрлеріне келсек, сұралғандардың 46,4 пайызы ер және 53,6 пайызы әйелдерді құрады. 49,7 пайызы қазақтар болса, 38,1 пайызы орыстар, 12,2 пайызы елімізде тұрып жатқан басқа ұлт өкілдері болып табылады.

Респонденттердің жас ерекшеліктері бойынша 18-29 жас аралығындағылар - 24,3 пайызды, 30-45 жас аралығындағылар - 34,4 пайызды, 46-60 жас аралығындағылар - 24,3 және 61 жастан жоғарылар - 17 пайызды құраған.

Сұралғандардың 0,9 пайызының бастапқы білімі бар болса, аяқталмаған орта білімділер -3,9, орта білімділер - 33,8, кәсіби-техникалық білімі барлар - 24,7 пайызды құрады. Сондай-ақ, сұралғандардың 30,5 пайызының білімі жоғары және ғылыми дәрежелері бар болып отыр.   

Соңғы жаңалықтар