«Нұр Отан» партиясының жаңа доктринасының жобасы дайын - Б.Байбек

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат -«Нұр Отан» партиясының жаңа доктринасының жобасы дайын.
None
None

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясына жаңа мүшелерді салтанатты жағдайда қабылдау рәсімінде партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті.

Таяуда партия жанынан құрылған арнайы топтың үшінші отырысы өткендігін айта келе ол: «Негізінен, бүгін партияның жаңа доктринасының жобасы дайын деп айтуға болады. Жақын арада біздің осы доктринамыз қалың бұқараға жария етіліп, талқыланатын болады», - деді ол.

Айта кетейік, «Нұр Отан» бүгінде еліміздегі ең ірі саяси партиялардың бірі. Партияға 900 мыңнан астам адам мүше, бұл халықтың 6 пайызын құрайды

Соңғы жаңалықтар