«Нұр Отанның» Алматы облыстық филиалы панфиловшы-ардагермен кездесу ұйымдастырды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - «Нұр Отанның» Алматы облыстық филиалы даңқты панфиловшы Смағұл Төлепқұловпен, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының басқа да ардагерлері - Тоқтарбай Қанапьяновпен және Афанасий Зорямен кездесу ұйымдастырды.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, соғыс ардагері Талдықорғанның орталық саябағындағы Даңқ обелискіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратына барды. Онда ардагерлерді облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Айтбай Сейітов күтіп алды. Арнайы жайылған дастархан басында ардагерлер өз естеліктерімен бөлісті.

Смағұл Төлемқұлов ақсақал атақты қолбасшы Бауыржан Момышұлы қолбасшылық еткен 19-шы полктің 316-шы атқыштар дивизиясының құрамында Мәскеу түбіндегі Волоколамск тас жолындағы шайқасқа қатысқан. Соғыстан кейін Смағұл қария Кербұлақ ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы колхозда тұрып, еңбек еткен. 10 бала тәрбиелеп өсірген. Өмір бойы мектепте тарих пәнінен сабақ берген ақсақал «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі» атағын алған. Бүгінде даңқты панфиловшы-ардагер - 88 жаста, ол Талдықорғанда тұрады.

Соңғы жаңалықтар