«Нұр Отанның» елімізде жетекші саяси күшке айналғаны Орал қаласында да көрініс тауып отыр
Оның айтуынша, биылғы тоғыз айда қаладағы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 60 млрд. теңгеден асты. Қаланың аграрлық саласы да жақсы дамып келеді. Бұған өсімдік және мал шаруашылығындағы өнім көлемінің артуы дәлел.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, шағын және орта бизнес нысандарының саны 8,7 пайызға өсті. Осы салада тоғыз айда 41 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Негізгі азық-түлік өнімдеріне тұрақты баға да сақталып отыр. Бағаға жүргізілген мониторингке сәйкес биылғы 16 қарашадағы жағдай бойынша Оралда 12 азық-түлік өнімінің құны еліміздегі өзге қалаларындағыдан төмен болып отыр.
Жұмыссыздық деңгейі 9 пайызға азайып, жыл басынан бері 1375 адам қоғамдық жұмысқа, 1240 адам кәсіби біліктілігін көтеруге жіберілді. 4070 жаңа жұмыс орны ашылды.
Осы кезеңде партияның қалалық филиалы жемісті жұмыс жасап келеді. Саяси кеңестің 4, бюроның 17 отырысы өткізілді. Бастауыш партия ұйымдары мен қалалық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесі де өз істерін табысты атқаруда. Конференция барысында бастауыш ұйымдардың үздік жетекшілері алғысхаттармен марапатталды.
Жиын соңында саяси кеңестің құрамы, сондай-ақ облыстық конференцияға делегаттар сайланды.