«Нұр Отанның» өскемендік филиалы Батыс Қазақстан тұрғындарына көмек береді

ӨСКЕМЕН. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан тұрғындарына арнап күнделікті тұрмысқа қажетті заттар жинауда. Бұл туралы бүгін филиал жетекшісі Ермұхан Дәменов хабарлады.
None
None

«Отандастарымызға мектепке қажеті құрал-жабдықтар, төсек-орын жабдықтары, киім, медициналық дәрі-дәрмек ретінде және басқа да жолмен көмектесуге болады. Содан кейін біздің қаладан көмек керуені жіберіледі. Қосымша мәліметтерді біздің «Нұр Отан» партиясы филиалына телефон шалу арқылы білуге болады», - дейді Ермұхан Дәменов.

Соңғы жаңалықтар