«Нұр Отанның» сайлауалды науқанында 64 мың еріктілер жұмыс істейді

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңа жылдың қарсаңында астаналық нұротандықтар өздерінің сайлаушыларына барып қайтты. «Есіктен есікке дейін» атты ұранымен партияның үгіт-насихат жұмысы өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды «Нұр Отан» ХДП-ның баспасөз баяны.

«Нұр Отанның» сайлауалды науқанында арнайы тренингтен өткен 64 мың еріктілер жұмыс істеп жүр. Жұмыс күн сайын икемді топтар мен үгіт-насихат қосында, әртүрлі орындар мен мақсатты топтарда, сондай-ақ жеке аумақтар мен аймақтарда жүргізіліп жатыр.

Бүкіл елді партияның сайлауалды тұғырнамасымен таныстыру жұмысымен шамамен 3 мыңға жуық икемді үгіт-насихат тобы айналысып жатыр. Олар бүгінде 3, 5 млн. қазақстандық отбасыларында болып қайтты. Қалалар мен ауылдардың барлық ірі сауда орталықтары мен базарлары және алаңдарда партияның үгіт-насихат қосыны жұмыс істейді. Олардың саны республика бойынша 2 мыңға жуықтайды. Нұротандықтар үгіт-насихат материалдарын таратып, сайлаушылармен сөйлесіп жүр. Үгіт-насихат қосынында бүгінде шамамен 2, 5 млн. адам болды.

Соңғы жаңалықтар