«Нұр Отанның» жастар қанатының өкілдері Ыстықкөлде өтіп жатқан халықаралық жастар форумына қатысуда

БІШКЕК. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Ыстықкөлде Қырғызстанның «Ақ Жол», Ресей Федерациясының «Единая Россия» және Қазақстанның «Нұр Отан» партияларының жастар қанаттары өкілдерінің қатысуымен жастар форумы басталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қырғыздың «Кабар» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, форум жұмысына мемлекеттік құрылымдар мен жеке секторларда жұмыс істейтін жас мамандар қатысуда. Форумға қатысушылар мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік салалары мен үкіметтік емес секторларға жастарды жұмысқа тарту мәселелері талқыланады. Ертең, маусымның 5-інде форумға қатысушылардың алдында Қырғыз Республикасының Президенті Құрманбек Бакиев сөз сөйлейді деп күтілуде. Халықаралық жастар форумының жұмысы маусымның 6-сына дейін созылады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум