11:29, 30 Желтоқсан 2020 | GMT +5
Нұр-Сұлтанда жеке гараж автокөліктерімен бірге өртенді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астаналық Төтенше жағдайлар департаментінің 60 өрт сөндірушісі жеке гараждағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«30 желтоқсан күні сағат 10:42-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖ департаментінің өрт сөндірушілері Челлюскинцев, 73 мекенжайындағы өртті сөндіруге аттанды. Сағат 10:50-де оқиға орнына келгенде екі қабатты жеке үй маңына салынған гараждың өртенгені анықталды. Аумағы шамамен 200 шаршы метр болатын гараж ішінде автокөліктер болған», - деп хабарлады елордалық ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта өрт орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамдағы 60 адам және 13 техника жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт шамамен сағат 11:18-де оқшауланды, 11:24-те сөндірілді.

