10:43, 28 Ақпан 2012 | GMT +5
Нұрқазған байыту фабрикасында бұрғылау станогының астына түсіп, машинист мерт болды
АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында «Қарағандытүсмет» өндірістік бірлестігінің Нұрқазған байыту фабрикасының аумағында төтенше жағдай орын алды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 27 ақпан күні сағат 13.10-да «Новое хвостохранилище»учаскесіндебұрғылау жұмыстарын жүргізу барысында «Сырымбет Company» ЖШС-ның 39 жастағы машинист көмекшісі бұрғылау станогының шынжыр табанының астына түсіп кетіп, оқиға орнында көз жұмды.