«Нұрлы Жол» әлемдiк экономиканың тұрақсыздығы жағдайында ҚР үдемелi дамуының нақты жоспары болмақ - «Нұр Отан» партиясы ОҚО ОФ төрағасының бiрiншi орынбасары А. Мамытбеков

- «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты әлемдiк экономиканың тұрақсыздығы жағдайында елiмiздiң үдемелi дамуының нақты жоспары болмақ. Жолдауда қарастырылған көлiктiк, әлеуметтiк, индустриялық инфрақұрылымдардың кең ауқымды құрылысы ел экономикасына серпiн беретiнi сөзсiз. Сонымен бiрге жұмыссыздықпен күрес, шағын және орта бизнестi қолдау жөнiнде де нақты тапсырмалар берiлдi. Түптеп келгенде мұның барлығы халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында атқарылып жатқан iстер екенi анық. Ал, осы ауқымды iстерге қолдау көрсетiп, Елбасы тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылау партиямыздың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi, - дедi А.Мамытбеков.
Конференция барысында облыстық мәслихат хатшысы Қ.Ержан, облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Ж.Мәуленқұлов, айтыскер ақын, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесiнiң мүшесi Б.Шойбеков, Мақтаарал ауданындағы «Ана жүрегi» қоғамдық ұйымының төрайымы Э.Темiрбаева, Шымкент қаласындағы №9 лицейдiң мұғалiмi, партия мүшесi Н.Стаценко өз ойларын ортаға салып, пiкiрлерiмен бөлiстi. Сондай-ақ, Оңтүстiк Қазақстан облыстық партия филиалы бақылау-тексеру комиссиясының және Саяси кеңесiнiң жаңа құрамдары сайланды.