«Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес БҚО агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 2 млрд. 450 млн. теңге бөлініп отыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жаһандық дағдарыс кезінде агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуды қамтамасыз ету мақсатында биыл өңірге «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2 млрд. 450 млн. теңге бөлініп отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Марат Оңғарбеков мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, 2015 жылы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және азық-түліктік, ветеринариялық, фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 7 млрд. 258,5 млн. теңге қарастырылған, бұл 2014 жылғыдан 46 пайызға артық. Осының ішінде өсімдік шаруашылығына - 678,2 млн. теңге, мал шаруашылығына - 4 млрд. 703,3 млн. теңге, инвестициялық салынымдарды демеуқаржыландыруға - 521,8 млн. теңге және азық-түлік, фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ветеринарлық, фитосанитариялық шараларды өткізуге 1 млрд. 355,2 млн. теңге бағытталған.

Биылғы бірінші жартыжылдықта өңірде 27 млрд. 923,2 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілсе, соның 23,7 млн. теңгесі өсімдік, 27 млрд. 845,2 млн. теңгесі мал шаруашылығының үлесіне тиеді, сондай-ақ 54,2 млн. теңгеге қызметтер көрсетілген. Нақты көлем индексі - 103,0 пайыз, соның ішінде мал шаруашылығы бойынша - 103,0 пайыз, өсімдік пен қызмет көрсету бойынша - 100,0 пайыз. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, Теректі ауданында 99,4, Орал қаласында 98 пайыз болса, қалған аудандардың бәрінде өсім бар.

Биыл егіс алқабы 516,32 мың гектарға жетіп, өткен жылғыдан 10,2 пайызға (6,8 мың га) артты. Алайда мамыр-маусым айларындағы күннің күрт ысып, қуаңшылықтың орын алуы салдарынан астық түсімі 95,8 мың тонна шамасында болады деп күтілуде, бұл өткен жылғыдан 2,5 есеге (237,4 мың тонна) төмен. Тазартылғаннан кейінгі салмақтағы 92,7 мың тонна астықтың 27,9 мың тоннасын тұқымдық мақсатқа жұмсау көзделуде (қажеттілік - 38,3 мың тонна, қамтылуы 72,8 пайыз). 47,4 мың тоннасы азық-түлік ретінде қалдырылса (қажеттілік - 108,2 мың тонна, 43,8 пайыз), 17,4 мың тоннасы мал шаруашылығына жем ретінде пайдаланылмақ (қажеттілік - 338,3 мың тонна, 5,1 пайыз).

Қазіргі кезде облыс элеваторлары мен астық қабылдау кәсіпорындарында «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ға тиесілі 56,8 мың тонна азық-түліктік астық сақталуда. Осы көлемді облыс тұрғындарына әлеуметтік нан дайындау үшін өңірде қалдыру қажет.

2015-2016 жылдың мал қыстағына 628 мың шартты мал басы кіреді деп есептелуде, бұл үшін 1209 мың тонна мал азығы керек. 24 шілдедегі мәлімет бойынша 495,2 мың тонна пішен әзірленді, бұл - қажеттіліктің 41 пайызы.

Қуаңшылыққа байланысты мал өсірумен айналысатын оңтүстік аудандарда шабындық жерлер әлсін-әлсін отқа оранды. Ресей Федерациясынан көктемгі тасқын судың Қараөзен мен Сарыөзенге келмеуіне байланысты көлтабандарға су шықпай қалды. Киров-Шежін арнасының толмауына байланысты жайылмалар қар суымен қамтылған жоқ. Ресейдегі су қоймаларының толмауынан жаз, күз айларында облысқа санитарлық-экологиялық мақсаттарға жұмсалатын су көлемі де жоспарлы алынбай отыр. Қалыптасқан жағдайдың салдарынан мал азығының қажетті мөлшері дайындалмауы ықтимал. Сол себепті алдағы қыстақта ірі қара малының аналық басын (сиырлар) сақтап қалу үшін шаруашылықтардың мал азығына жұмсаған шығындарын жалпы мақсатты трансферттен мал шаруашылығын демеуге бөлінген қаражат есебінен ішінара өтеу мәселесі министрлікпен келісілуде.

Қазіргі уақытта егін ору мен мал азығын дайындау жұмыстарына қажетті 14 мың тонна дизель отыны бөлініп, шаруашылықтарға 1 литрінің бағасы 81 теңгеден жіберілуде.

Бір қуанарлығы, өңірде мал басы тұрақты түрде артып келеді. Айталық, биылғы 1 шілдеге 533,8 мың бас ірі қара (106,9 пайыз, соның ішінде сиыр - 217,5 мың, 108,5 пайыз), 1195,2 мың қой (108,6 пайыз), 248,2 мың ешкі (106,6 пайыз), 139,4 мың жылқы (114,4 пайыз), 2,9 мың түйе (93,2 пайыз), 26,9 мың шошқа (97,2 пайыз), 1 млн. 1,1 мың құс (103,9 пайыз) тіркелген. Бұған Елбасы тапсырмасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар игі септігін тигізуде.

2011-2015 жылдарға арналған «Ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы аясында биыл 2200 тонна сиыр етін экспорттау жоспарланса, биылғы 16 шілдедегі мәлімет бойынша өңірден сыртқа 492,6 тонна ет жөнелтілді. Аталмыш бағдарлама аясында 11,8 мың басқа арналған бес мал бордақылау кешені жұмыс жасап тұрса, 2,8 мың басқа есептелген тағы төрт алаңның құрылысы жүргізілуде.

Күні бүгін облыста табынның тұқымдық құрамын түрлендірудің үлесі 37,6 пайызға жетті (республика бойынша орташа көрсеткіш - 18,5 пайыз), бұл - ел өңірлері арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Елбасымыз мал тұқымын асылдандыру қажеттігін үнемі назарда ұстап келеді. Осыған орай асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға биыл 4 млрд. 703,3 млн. теңге қарастырылса, соның 2 млрд. 450 млн. теңгесі, жоғарыда айтылғанындай, ҚР Ұлттық қоры есебінен бөлініп отыр. Ұлттық қор қаржысының 2 млрд. 235,8 млн. теңгесі ірі қара малын селекциялық асылдандыру жұмыстарына, 177,1 млн. теңгесі құс, шошқа шаруашылықтары мен бордақылау алаңдарына мал азығы шығындарын ішінара өтеуге, 28,8 млн. теңгесі тағамдық жұмыртқа өндіру, 8,3 млн. теңгесі сүтті бағыттағы шаруашылықтарға мал азығын дайындау шығындарын ішінара өтеуге бағытталып отыр. Күні бүгін Ұлттық қордан келген қаржының 123,3 млн. теңгесі қаржыландыру жоспарына сәйкес толықтай игерілді.

«Ең бастысы, түпкі нәтижеге қол жеткізу үшін бюджеттік қаражаттар, соның ішінде Ұлттық қордан бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы қатаң бақылауда», - деп түйіндеді ойын М.Оңғарбеков.

Соңғы жаңалықтар
Референдум