«Нұрлы жол»: БҚО-да 2015 жылы 100 шақырымнан астам автомобиль жолдары жөнделеді
Ерлан Қажымовтың айтуынша, аймақта «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Орал - Тасқала - Саратов» автомабиль жолы қалпына келтіріліп жатыр. Бұл көлік дәлізі Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарын сапалы қозғалыспен қамтамасыз етеді және екі ел нарығындағы экспорт пен импортқа қолдау көрсетеді.
Бүгінде мердігер компания екі учаскіде 100 шақырым жолға асфальтобетон жабындысын төсеп жатыр. Аталмыш тас жолы кеден бекеттеріндегі өткізгіштікті арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы, автожол ІІ техникалық санаттың екі жолақты жол параметрі бойынша салынуда. Жолды қалпына кетіру жұмыстарын 2018 жылы аяқтау көзделген.
Бұдан басқа, аймақта ұзындығы 15 шақырым «Чапаев - Жалпақтал - Казталовка - РФ шк» автожол учаскесінде, ұзындығы 4 км «Казталовка Жәнібек РФ шк» автожол учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Ал, ұзындығы 64 шақырым «Подстепное - Федоровка - РФ шк» автожол учаскесінде және ұзындығы 28 шақырым Орал қаласынан РФ шекарасына дейін учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы жобаларға 415 дана техника тартылған.
Сонымен қатар, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында автожол жобаларын жүзеге асыру облыста 1000 жаңа жұмыс орнын ашуға септігін тигізді, деп жазады strategy2050.kz.
Айта кетейік, Елбасының Жолдауында басты назар еліміздің инфрақұрылымын дамыту мәселесіне бағытталды. Президенттің Жолдауында еліміздің инфрақұрылымының әр түрлі салалары толығымен қамтылған. Яғни, бұл тек қана транспорт-логистикалық инфрақұрылым ғана емес, сонымен қатар, индустриалды-энергетикалық, тұрғын-үй және т.б. инфрақұрылымдар жүйелері болып отыр. Сондай-ақ, орта және шағын бизнесті қолдаудың арнайы іс-шаралары жайлы атап өтілді.