«Нұрлы жол» этносаралық түсіністікті, жұдырықтай жұмылуды және толеранттылықты меңзейді - С.Кулагин

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - "Нұрлы жол" этносаралық түсіністікті, сенімділікті, жұдырықтай жұмылуды және толеранттылықты меңзейді. Бұл туралы Көкшетаудағы Достық үйінде өңірдегі этномәдени бірлестіктердің қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының кеңесінде айтылды.
None
None

Кеңеске қатысқан облыс әкімі Сергей Кулагин этносаралық түсіністікті нығайту жөнінде өзінің ойымен бөлісті.

"Нұрлы жол" этносаралық түсіністікті, сенімділікті, жұдырықтай жұмылуды және толеранттылықты меңзейді. Сондықтан біз осы құндылықтарды көзіміздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманат етуіміз керек. Осы орайда, Ассамблеяның рөлі маңызды", - деді облыс әкімі өз сөзінде.

Сонымен қатар кеңесте Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ғылыми-сараптама орталығы төрағасының орынбасары Нина Митчинова, Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Шахарман Бекмағанбетова, Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Василий Горохводацкий және "КВЕЛЛЕ" неміс мәдени-ақпараттық орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Елена Татаринцеваның баяндамалары тыңдалды.

Кеңесте күн тәртібіндегі сұрақтар талқыланған соң Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы бірауыздан мемлекеттік органдардың және этно-мәдени бірлестіктердің басшыларына Елбасының "Нұрлы жол" Жолдауында туындаған міндеттерді жүзеге асыру бойынша ақпараттық-насихаттау тобын құрып, ақпараттық-түсініктеме жұмыстарын жүргізу жөнінде шешім шығарды.

Соңғы жаңалықтар