«Нұрлы жол» - Қазақстанның экономикалық құрылымын оңтайландыруға мүмкін береді - Chinanews

Н. Назарбаев бұл экономикалық саясатты іске асыруға ҚР үкіметі 6 млрд. доллар бөлетінін хабарлады. «Келешекте Үкімет қосымша 9 млрд. доллар бөледі. Бұдан басқа, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, ЕҚДБ және ИДБ осы экономикалық саясатты жүзеге асыру үшін шамамен 9 млрд. доллар бөлуге әзір», - деп атап өтті ол.
Н. Назарбаев бұл қаражат ШОБ дамытуды, көлік-логистикалық магистраль құрылыстарын, АЭА салуды, энергетикалық инфрақұрылымды жетілдіруді, азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуды, әлеуметтік әл-ауқатты жақсартуды арттыруды қолдауға пайдаланылатынын атап өтті. Бұл ретте Н. Назарбаев «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» автомагистралін қоса алғанда, автожол жобаларын жеделдетіп аяқтау қажеттілігін атап өтті, деп жазады «Chinanews» ақпараттық агенттігі.
Н. Назарбаев оны «таяу жылдардағы ел экономикасы өсімінің қозғаушы күші», сонымен бірге «әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына» кіру жолындағы «жан-жақты қадам» деп атады.