«Нұрлы жол» Жолдауын «Нұр Отанға» артылған үлкен жауапкершілік ретінде қабылдадық - Б. Байбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті, «Нұр Отан» партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын нұротандықтар бірінші кезекте партияға жүктелген зор жауапкершілік ретінде қабылдады, деп атап өтті партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Өскемен қаласындағы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ХVІ есептік-сайлау конференциясы барысында сөйлеген сөзінде.
None
None

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Партиямыздың Саяси доктринасын қабылдағанымызда біз тұңғыш рет партияның ел келешегі үшін жауапкершілігін айттық. Партияның Саяси кеңесінің алаңында Мемлекет басшысы өз Жолдауын жасады, біз, бірінші кезекті оны партияға артылған үлкен жауапкершілік ретінде қабылдадық», - деп атап өтті Б.Байбек.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда барлық атқарушы органдардың, Үкіметтің жетекшілері, Мәжілістегілердің басым бөлігі партия мүшелері болып табылады.

«Бізге кез келген жағдайда үлкен жауапкершілік артылып отыр және ол туралы біз ашық айтуға тиіспіз. Мемлекет басшысы бұл Жолдауын тап осы партияның алаңында жасады. Және біз бұрынғыдан да жұмылып, ынтымағымыз бен бірлігімізді танытуымыз керек. Біз партия тарапынан азаматтармен жұмыс жасаудың барлық жағдайын туғызамыз», - деп толықтырды партия Төрағасының бірінші орынбасары.

XVI конференциясы барысында Шығыс Қазақстан облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамы сайланды.

Партиялықтар, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының іске асырылуын талқылады және 2,5 жылдағы партияның Сайлауалды тұғырнамасының іске асырылуының аралық нәтижесін қорытты.

Соңғы жаңалықтар