«Нұрлы жол» Жолдауында айтылған жаңа бағдарлама Қазақстанның экономикасын қарқынды дамытуға көмектеседі - Кемаль Саллы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» Жолдауында жарияланған дағдарысқа қарсы жаңа бағдарлама Қазақстанға бұдан былай экономика саласын да, әлеуметтік саланы да қарқынды дамытуға көмектеседі. Бұндай пікірді саяси шолушы, «Ватан» газетінің репортері Кемаль Саллы айтты.
None
None

«Таяуда ҚР Президентінің Жолдауында жарияланған дағдарысқа қарсы жаңа бағдарлама Қазақстанға бұдан былай экономика саласын да, әлеуметтік саланы да қарқынды дамытуға көмектеседі. Мемлекеттің басқаруда Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы даму процесіне өзінің баға жетпес үлесін қосты. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасында еңбек бөлісудің әлдеқайда әділетті жүйесімен толықтырылған өндіргіш күштердің жаңа, заманауи құрылымдарын құру туралы сөз болды. Бұл бағыттың негізі - ішкі нарыққа сүйене отырып, ойластырылған өндірістік және инвестициялық саясат. Ол тұрмыс сапасы мен деңгейін сақтай отырып, оны экономикалық өсіммен тығыз байланысты етуге көмектеседі», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар