Нұрмахан Тінәлиевтің бүгінгі қарсыласы осал емес

АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасы аясында бүгін Қазақстанның грек-рим балуаны Нұрмахан Тінәлиев швед спортшысы Йохан Еурен Магнуспен белдеседі.
None
None

Байқап қарасақ, Н.Тінәлиевтің қарсыласы осал емес. Йохан Еурен Магнус - 2010 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. Біздің балуанымыз болса, 2010 жылы Мәскеуде өткен Әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алған болатын. Ал 2011 жылы Ыстамбұлда өткен Әлем чемпионатында үшінші орыннан көрінсе, Гуанчжоуда Азия чемпионатының алтын медалін ұтып алды. Н.Тінәлиев пен Й.Еурен арасындағы жекпе-жектің нәтижесі алдағы жарты сағатта белгілі болады. 

Жалпы, 120 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан Н.Тінәлиевтің тобындағы балуандар мықты. Олардың бірі - Хасан Бароев.

Соңғы жаңалықтар