Нұрмұхамбет Әбдібеков Есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрмұхамбет Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл тағайындауға дейін Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысының әкімі болған еді.

***

Н.Қ.Әбдібековті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы

Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын.

 

Қазақстан  Республикасының

        Президенті                                                      Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2017 жылғы  14 наурыз

          № 438

***

Әбдібеков Нұрмұхамбет Қанапияұлы1961 жылы Қостанай облысының Арқалық қаласында туған. Мәскеу тау институтын бітірген. Техникалық ғылымдар кандидаты.

Институтты бітіргеннен кейін өз еңбек ісін Шилісай фосфорит кенінде ауысым шебері болып бастаған.
1989 - 2009 жылдар аралығында Ақтөбе және Атырау, Астана қалаларындағы мекемелерде және мемлекеттік органдарда әр түрлі лауазымдарда болған.

2009 жылы желтоқсаннан 2011 жылы шілде аралығында Өндіріс Комитеті өкілі, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі. 2011 жылы шілдеден бастап - Ақтөбе қаласының әкімі.

2012 жылы ақпанынан бастап - Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2014 жылы 20 маусымынан бастап - Қарағанды облысының әкімі болды.

Соңғы жаңалықтар