19:25, 06 Мамыр 2010 | GMT +5
«Нұротандықтар» майдангерлерге арнайы барып, Жеңіс мейрамымен құттықтады
РАЛ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП облыстық және қалалық филиалы қызметкерлері мен «жасотандықтар» соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, арнайы құттықтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олар майдангерлердің өңіріне мерейтойлық медальдарды тағып, партия атынан сый-сияпат табыс етті. Айталық, тоқсанның төртеуіндегі Сәлім Төлегенов фин және Ұлы Отан соғысына қатысқан, соның ішінде Ленинградты қорғаған. Сол секілді 1917 жылы дүниеге келген Василий Чернышев та майдан жолын фин соғысынан бастап жеті жыл бойы әскер қатарында болған.
«Нұротандықтар» барлығы 18 ардагерге құрмет көрсетті.