15:46, 06 Қаңтар 2012 | GMT +5
Нұротандықтар ОҚО-да сайлаушылармен кездесу өткізді
АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» республикалық қоғамдық штабының мүшелері үгіт-насихат науқаны жұмысын одан әрі жалғастыруда.
Бүгін олар Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Студенттермен, өңірдің жастарымен, сондай-ақ шаруашылық және фермерлік қожалықтардың өкілдерімен болған кездесуде сайлауалды тұғырнаманың негізгі қырлары талқыланды, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
Нұротандықтар сонымен қатар Сайрам ауданындағы көкөністерді өсіретін «Шымкентпласт» жылыжайында болды.