20:21, 29 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Нұротандықтар Жезқазған шахтерлерімен сайлауалды тұғырнамасының негізгі қағидаттарын талқылады
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабы өзінің үгіт науқанын Жезқазғанда жалғастырды.
Нұротандықтар Жезқазған шахтерлерімен сайлауалды тұғырнамасының негізгі қағидаттарын талқылады.
Оңтүстік Жезқазған кеніші және "Қазақмыстың" басқа да 16 руднигі жылына 33 миллион тоннаға жуық мысты 10 байыту фабрикаларында өңдейді. Сөйтіп, кәсіпорын түпкі өнімді шығарады, деп хабарланды партияның баспасөз баянында.
Кездесу кезінде өндірісті жаңарту, оны кеңейту, жаңа технологияларды енгізу мәселелері әңгіме болды.
Кездесуге қатысушылар «Қазақмыс» жұмыспен қамтып қоймай, қалаға үлкен қолдау көрсетіп отырғанын атап көрсетті. Сондықтан да өндіріске де, әлеуметтік салаға да инвестицияарды арттыру үшін қажетті жағдай жасау қажет.