Нұрсұлтан Назарбаев - араб әлемінде беделі зор саясаткер - БАӘ ғалымы

«Нұрсұлтан Назарбаев - араб әлемінде танымал, беделді саясаткер. Қазақстанның қол жеткізген табыстарының арқасында оның Таяу Шығыс саясаткерлері арасында зор беделі қалыптасқан. Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа елдің экономикасын, қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін лайықты базисті құрды. Сондықтан араб елдерінің көшбасшылары оны құрметтеп, Қазақстанды Орталық Азияның көшбасшысы ретінде мойындайды.
Мен Қазақстанда екі рет болдым, қазақстандық жетістіктер менде жақсы әсер қалдырды. Сіздердің еліңізде игілікті әрі қонақжай адамдар тұрады. Олардың көбінің жүздері жарқын, бақытты, бұл дұрыс жолмен дамып жатқаны және басшылықтың барлығын елдің әл-ауқаты үшін жасап отырғаны туралы айтады. Сондықтан, араб әлемінің саяси орталарында Қазақстанмен қарым-қатынастарды дамыту арқылы Орталық Азия аймағымен жақындасуға болатынына үміттенеді», - деді ол.