Нұрсұлтан Назарбаев Францияға жұмыс сапары аясында «Alstom» компаниясының президенті Патрик Кронды қабылдады

ТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Францияға жұмыс сапары аясында «Alstom» компаниясының президенті Патрик Кронмен кездесті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу кезінде ынтымақтастықтың перспективалары және Қазақстан мен «Alstom» компаниясы арасындағы жаңа жобалар талқыланды. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ мен «Alstom» компаниясы арасында жол бұрушы электр жетегі өндірісі бойынша зауыт ашу туралы келісімге қол қойылды.

Мемлекет басшысына Астана қаласында локомотив жинау жөніндегі құрылыс жобасы мен жаңа көлік жүйесін құру жөніндегі жобаны алға жылжыту туралы баяндалды.

Соңғы жаңалықтар