08:20, 23 Сәуір 2013 | GMT +5
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібіндегі мәселелерін талқылады
АСТАНА-МӘСКЕУ. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесу үшін экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесін тоқтатты.
Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
«Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібіндегі мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, олар еуроазиялық интеграция проблемалары бойынша өзара пікір алмасты», - делінген баспасөз хабарламасында.