Ө.Шөкеев бастаған Үкіметтік комиссия қызыл су басқан БҚО аудандарына барады

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бастаған Үкіметтік комиссия ертең қызыл су басқан БҚО аудандарына барады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«Ертең Өмірзақ Естайұлы бастаған делегация Батыс Қазақстанға аттанып, жағдаймен танысады. Осыдан кейін Мемлекет басшысы тапсырғандай шешім қабылдаймыз. Біз сәйкесінше көмек көрсетуіміз керек», - деді Үкімет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің батысындағы көктемгі су тасқыны сәуір айында басталып, өңірдің 22 елді мекені су астында қалды. Құтқару жұмыстарының барысында 615 адам құтқарылды, 8852 адам көшірілді, олардың 150-і - балалар. Төтенше жағдайды жоюға Батыс Қазақстан облысы ТЖД мен ҚР ТЖМ жасақтарының 258 адамы, 42 қайық, 53 бірлік техникасы, 2 тікұшағы, жергілікті атқару органдары коммуналдық қызметі мен өзара іс-қимыл қызметтерінің 995 адамы және 245 техникасы жұмылдырылуда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум