Ө.Шөкеев Қызылорда облысындағы «Мағжан және К» серіктестігіндегі күріш орағының барысымен танысты
қала іргесіндегі Ақжарма ауылдық округіне ат басын бұрды.
Ол осында «Мағжан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күріш орағын жүргізіп жатқан 3 бригадасының жұмысымен танысты. Аталмыш серіктестік биыл 6016 гектар жерге астық еккен. Соның 3300 гектарын күріш дақылы құрайды. Қазірге дейін мұнда 2751 гектар жердің алтын дәні жиналып алынды. Ол алқаптардың әр гектарынан 55 центнерден өнім алынуда. Бұл - өткен жылдың осы мезгіліндегі көрсеткіштен 5 центнерге жоғары. Атқарылып жатқан осы жұмыстар жайында серіктестік төрағасы Дархан Ералиев Үкімет басшысының бірінші орынбасарына баяндады. Өз кезегінде Өмірзақ Естайұлы бұл жұмыстарға жоғары баға берді.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары ауылдық округ аумағындағы әлеуметтік-мәдени нысандардың да жұмыстарымен танысты.