Ө. Шөкеев Қызылордадағы жобалық құны 1 642 млрд. теңгелік теміржол өткелінің құрылысымен танысты

ҚЫЗЫЛОРДА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - ҚР ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев Қызылорда қаласында салынып жатқан теміржол өткелінің құрылысын көрді.
None
None

Жобалық құны 1 642 млрд. теңге тұратын бұл өткелдің ұзындығы 887 метрге жетеді. Ол темір жолдың екі бетін жалғап, көліктер қатынасына қызмет етеді. Бұл жұмысты түріктің «Бушра» фирмасы атқарып жатыр.

Бұдан кейін Өмірзақ Шөкеев «Алтын қамба» астық қоймасында болып, оның жұмысымен танысты. Ал түс ауа ол Қызылорда қаласынан аттанып кетті.

Соңғы жаңалықтар