17:53, 10 Қаңтар 2012 | GMT +5
Ө.Шөкеев Жаңаөзен қаласын қалпына келтіру бойынша үкіметтік комиссияның жұмысын тоқтатуды ұсынды
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында «Самұрық Қазына» ҰӘАҚ басшысы Өмірзақ Шөкеев Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын қалпына келтіру бойынша Үкіметтік комиссияның жұмысын тоқтатуды ұсынды.
Еске салайық, Ө.Шөкеев Жаңаөзендегі мәселелерді шешу мақсатында құрылған үкіметтік комиссияның төрағасы болып табылады.
«Жалпы менің пайымдауымша, комиссия жұмысының миссиясы орындалды. Барша шұғыл шараларды біз айтарлықтай тиімді және уақытылы атқардық», - деп атап өтті ол.
Осыған байланысты Ө. Шөкеев, комиссияның жұмысын тоқтатып, жалпы жоспарлы жұмыстарға көшуді ұсынды.