Облыс әкімдігі Байқоңыр қаласындағы отандық мемлекеттік органдар, мекеме және кәсіпорын басшыларымен мәжіліс өткізді

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Мадияр Алдоңғаров Байқоңыр қаласындағы отандық мемлекеттік органдар, мекеме және кәсіпорын басшыларымен мәжіліс өткізді.
None
None
Кеңесте атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, кейбір мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мадияр Алдиярұлы Елбасының биылғы Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыруға орай облыс көлемінде жүзеге асырыла бастаған іс-шаралар жайлы баяндады. Қазақстан Республикасы Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілдігінің жанынан құрылатын ?Жедел Кеңес туралы? облыс әкімі өкімінің жобасымен таныстырды. Сондай-ақ басқосуда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның Байқоңыр ғарыш кешені бойынша Кіші комиссиясы өткізген 11-ші отырыс хаттамасынан туындайтын мәселелер жайы талқыланды. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың қазан айына белгіленген кезекті мәжілісіне дайындық барысы пысықталды.
Соңғы жаңалықтар