Облыс әкімдігі мен «Альянс банк» АҚ арасында өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды

АҚТАУ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Альянс банк» АҚ арасында өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды.
None
None
Тараптар өңір тұрғындарына, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, мемлекеттік кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдарға жоғары сапалы банк қызметін кең көлемде көрсету турасында келісімге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, Меморандумға қол қоюшылар жоспарланған мемлекеттік бағдарламаларға: шағын және орта кәсіпкерліктің несиелендірілуіне, ипотекалық қарыздардың қайта есептелінуіне, жоғары білім алуға жеңілдікпен несие берілуіне баса назар аударады.
Соңғы жаңалықтар