Облыс әкімі Ақтау қаласындағы бірқатар кәсіпорындар жұмысымен танысты

АҚТАУ. Мамырдың 28-і.ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Облыс басшысы Қырымбек Көшербаев Ақтау қаласындағы бірқатар өндіріс орындарын аралап, құрылысы аяқталуға жақын облыстық аурухана ғимаратын көрді,
None
None
деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.Облыс әкімі алдымен «Гурман» кәсіпорнына ат басын бұрды. Бұл зауыт күніне 10 тоннаға жуық сүт өнімдерін шығарып, облыс орталығына таратады. Өндіріс қызметкерлері Қырымбек Көшербаевқа зауыт өнімдерінің жасалу жолын таныстырды.«Кеппел-Қазақстан» компаниясы Солтүстік Каспийдің Қашаған кен орнында кеме жасау ісін жоспарға енгізіп отыр. Мекеменің көліктік баржа ісімен шектелмей, басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруын қолдаған облыс басшысы: «Ақтау теңіз портының солтүстік бөлігі кеңейтілуде. Бұл бағытта мен қайта профильдеуді ұсынамын. Тек мұнай тасымалдау ісін ғана емес, басқа да істерді қолға аламыз», - деді. Мұнан кейін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сертификатталған электр жабдықтарын шығарушы «Элрас» мекемесінің бүгінгі таңдағы жұмыс жүйесімен танысты. «Элрас» ЖШС-не былтыр сапа менеджмент жүйесі халықаралық талаптарға сай екенін растайтын сәйкестік сертификаты табысталған болатын.
Соңғы жаңалықтар