Облыс әкімі «Ақтөбе» футбол клубының қаржы мәселесін шешуге көмек көрсетпек

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Самат Смақовпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Бердібек Сапарбаев кездесу барысында клубты қаржылық қиындықтан шығарудың жолдарын қарастыруға қолғабыс ететінін айтқан.

Сонымен қатар жүздесуде команданың республика чемпионатында өнер көрсетуі мен өткен жылдардан қалған қарыз мәселесі сөз болды. Қазіргі таңда клубтың ойыншылар алдындағы қарызы «Ақтөбе» футбол клубының чемпионатқа қатысуына кедергі келтіруі мүмкін болып отыр.

«Жағдайды мен өзім жеке қадағалаймын. Біз көптеген жылдарғы тарихы бар, үлкен биіктерді бағындырған командамызды қиын жағдайға қалтырмаймыз. Біз клубқа қажетті көмекті көрсетуге дайынбыз. Қазіргі таңда біз қосымша қаржыландыру көздерін қарастырудамыз»,-деді Б.Сапарбаев.

Самат Смақовтың айтуынша, бүгінде команда біршама қарқын алып, ақтөбеліктер көңілінен шығатындай ойын көрсете алатындай жағдайда.

Соңғы жаңалықтар