Облыс әкімі: Биыл Батыс Қазақстанда жаңадан сегіз білім беру нысаны пайдалануға беріледі

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, биыл осы 9 нысанның 8-ін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жалпы, білім беру саласының 2012 жылға нақтыланған бюджеті 37,6 млрд. теңгені құрайды, бұл 2011 жылға қарағанда 4,6 млрд. теңгеге артық.
Соңғы жылдары 18 мектеп пен 9 балабақша бой көтерді. Бұл мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамтуды 94 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік берді, ал республикалық көрсеткіш - 65 пайыз.
Әрбір үшінші мектеп жөндеуден өтіп отыр, физика, химия, биология пәндерінің қазіргі заман талабына сай кабинеттерімен мектептердің 60 пайыздан астамы жабдықталды.
Биылғы жылы Ақжайық ауданы Ақсуат ауылынан шетел инвестициясы арқылы 230 орындық мектеп және республикалық қаражатқа Теректі ауданы Подстепный ауылынан 290 орындық, Бөрлі ауданының Қызылтал ауылынан 320 орындық балабақшаның құрылысы бітіп, пайдалануға берілді.